Бүгін педагогтермен білім сапасын арттыруда кездесетін қиындықтардың бірі үлгермеуші оқушының болу. Үлгермеуші оқушының оқу үлгерімін арттыру, білім сапасын жақсарту үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін “Үлгермеуші оқушымен жұмыс” тақырыбындағы тренингте қарастырдық.
Бұл тренинг педагогтерге үлгермеуші оқушылармен тиімді жұмыс жүргізу әдістерін үйретуге бағытталды. Тренинг барысында үлгермеушіліктің себептері, оқушының мотивациясын арттыру жолдары, жеке оқыту тәсілдері және қолдау көрсету әдістері талқыланды. Мұғалімдер тәжірибелік тапсырмалар орындап, нақты жағдайлар бойынша шешімдер ұсынды.
Үлгермеуші оқушы деген кім?
Үлгермеуші оқушы – оқу бағдарламасын толық игере алмайтын немесе белгілі бір пәндерден қиындық көретін, оқу процесін әртүрлі себептермен жиі босататын оқушы. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: оқу стиліне сәйкес келмейтін әдістер, мотивацияның төмендігі, психологиялық мәселелер немесе әлеуметтік факторлар.
Үлгермеушілікті болдырмау үшін не істеу керек?
Жекелеген оқыту әдісін қолдану – әр оқушының оқу стиліне сай әдістерді таңдау.
Қолдау көрсету – эмоционалдық және психологиялық қолдау көрсету арқылы сенімділігін арттыру.
Қызықтыру және мотивация – геймификация, интерактивті әдістерді пайдалану.
Ата-аналармен жұмыс – мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты күшейту.
Қажетті ресурстарды ұсыну – қосымша сабақтар, онлайн-оқыту құралдары және шығармашылық тапсырмалар беру.
Тренинг мұғалімдерге үлгермеуші оқушыларды қолдаудың жаңа жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Мұндай оқушылармен дұрыс жұмыс істеген жағдайда, олардың үлгерімі мен оқу белсенділігі жақсарады. Нәтижелі жұмыс әрқашанда жемісін береді.