"Önerdegi oqy" жобасы
Тоқсан сайын ұжыммен, сыныппен бірлесіп кино немесе театр қойылымдарына барып, пікір алмасады.
Мақсаттары: кино мен театрды түсінуде терең талдау жасау; мәдениет пен өнерді білім беру процесінде қолданудың жаңа тәсілдерін іздестіру; кино мен театр арқылы адамгершілік, әлеуметтік мәселелер мен этикалық сұрақтарды талқылау; өнер арқылы тәрбиелік құндылықтарды арттыру.


"ReadХ" жобасы
Әр тоқсанда барлық сыныптарда жас ерекшеліктеріне сай берілген шығарма бойынша тест алынады, талданады, үздіктер марапатталынады.
Үш тілдік кітап оқу клубының мақсатары: кітап оқу әдетін қалыптастырып, кітапты хобби ретінде қабылдауға ықпал ету; кітаптан қажетті ақпаратты таба білу, оны өңдеу, ой елегінен өткізіп, қолдана білу дағдыларын үйрету. адамгершілік құндылықтарды, әділеттілік, достық, махаббат, отанға деген сүйіспеншілік туралы ұғымдарды түсіндіру.


"Zhasyl zhurek" жобасы
Барлық сыныптар өз кабинеттерінде гүл отырғызып, өздері оған күтім жасайды, досы ретінде қабылдайды, оған ат қояды.
Мақсаттары: оқушыларды табиғаттың құндылықтарын бағалауға, өсімдіктерді күтіп-баптауға үйрету; қоршаған орта мен экологиялық теңгерімнің маңыздылығын түсіндіру, өсімдіктердің рөлі туралы білім беру; жауапкершілік сезімін дамыту, өз ісіне деген қамқорлықты арттыру.


"Parent's guide" жобасы
Ата-аналар өзекті тақырыптарға балалары оқитын сыныптарда ойын түрінде сынып сағаттар өткізеді.
Мақсаттары: Оқушылар мен ата-аналардың арасында тығыз байланыс орнату, мұғалімдер мен ата-аналардың ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға ынталандыру, оқушыларға көмек көрсету үшін отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.


"ZhasSTAR" жобасы
Мақсаттары: педагогикалық тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, әр түрлі оқыту әдістерін талқылау, жаңа идеялар мен шешімдерді бөлісу; жаңашылдыққа баулу, инновациялық тәсілдер мен технологияларды оқыту процесінде қолдануға үйрету; жас мамандарға кәсіби қиындықтарды жеңуге, мәселелерді шешуге психологиялық және кәсіби қолдау көрсету.


«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» жобасы
Информатика сабақтарында айына бір рет жоғарғы буын оқушылары 1сынып оқушыларына көмек көрсетеді.
Мақсаттары: жоғарғы буын оқушылары 1сынып оқушыларына компьютерді қалай тиімді қолдану,оның құрылғыларын бүлдірмей тиімді қолдануға үйрету; тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт-бағдар көрсету.


«Ötkir soz» пікірсайыс үйірмесі
Мақсаттары: сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, жауапкершілікті жас ұрпақты қалыптастыру; белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Әр жұма кундері дауыс беру арқылы оқушылар таңдаған өзекті тақырыптар бойынша әр-түрлі форматта қазақша және орысша пікірсайыс ойындарын жүргізеді, шешендік және актерлік шеберлікті дамытуға бағытталған жаттығулар орындайды.