Бүгін мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында білім сапасы, оқушылардың оқу жетістіктерін
арттыру және тәрбие жұмыстары бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

🔹 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

✅ Ж. М. Кондудаева – "Білім сапасы: проблемалар, шешу жолдары және жаңа мүмкіндіктер"
✅ Р. Ш. Мухамедина – "Бопсалауға қатысты бұйрыққа сәйкес буллинг туралы анонимді сауалнама қорытындылары"
✅ Қ. Қ. Мұсанова – "Сабақты зерттеу – мұғалімнің уәжін арттыру құралы"
✅ А. Д. Исаева – "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының мазмұны мен іске асырылу ерекшеліктері"
🔍 Кеңесте көтерілген негізгі мәселелер:
📌 Мектептің білім сапасының көрсеткіштері талданып, білім сапасын төмен көрсеткен оқушылар мен сыныптардағы жағдайлар сараланды. Оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
📌 Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі бойынша сауалнама нәтижелері талқыланып, оның оқыту сапасын арттыруға және мұғалімдердің кәсіби дамуына оң ықпал ететіні анықталды. Lesson Study әдісінің маңызы мен артықшылықтары кеңінен түсіндірілді.
📌 Талдау нәтижелері негізінде:
🔹Lesson Study әдісін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл әдісті енгізу барысы жүйелі түрде бақыланып, нәтижелер келесі педагогикалық кеңесте талқыланатын болады.

📌 Буллингтің алдын алу шаралары:
🔹 Бопсалауға қатысты бұйрыққа сәйкес, буллинг туралы анонимді сауалнама қорытындылары сараланып, оның алдын алу бойынша нақты кеңестер берілді.
📍 Сауалнамаға 5-8 сыныптардан 220 оқушы қатысты.
📍 19-20 наурыз аралығында сауалнамаға барлық оқушылар (100%) жауап берді.
📍 Қатысушылар саны: 102 ұл бала, 118 қыз бала.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының мазмұнына сәйкес жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарланған іс-шаралар талқыланды.
Мектеп директоры Ж. З. Ермухамбетова «Жайлы мектеп: концепциядан тәжірибеге дейін» атты семинарда көтерілген өзекті мәселелермен таныстырып, жаңа білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды ортаға салды. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау және білім беру үдерісін жақсарту бағытындағы тиімді тәжірибелер талқыланды.
📌 Қабылданған шешімдер:
✅ 3-тоқсан қорытындысы қанағаттанарлық деп танылды.
✅ 1 сабақтан "4" және 1 сабақтан "3" бағасымен қорытындыланған оқушылармен жеке жұмыс жоспары құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізу тапсырылды.
✅ Lesson Study әдісі енгізіліп, жүзеге асыру барысы тұрақты бақылауда болады.
✅ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының талаптары толық орындалып, жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізіледі.