№109 орта мектебінде Наурыз мейрамы тойланды
Наурыз – көктемнің, жаңарудың және бірліктің мерекесі. Осы ұлыстың ұлы күнін #109 орта мектебінің ұжымы мен оқушылары ерекше ықыласпен атап өтті.

Шара барысында ұлттық ойындар – арқан тартыс, асық ату ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, театрландырылған көріністер қойып, көпшілікті тәнті етті. Жаңарудың символы ретінде ағаш отырғызылды.
Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мейрамының татулық пен ынтымақтың символы екенін атап өтті. Ұстаздар мен ата-аналар да бұл шараның балалар үшін тәрбиелік мәні зор екенін айтып, осындай дәстүрді жалғастыру керектігін жеткізді.
Бұл күн барша қатысушылар үшін ерекше әсерлі және есте қаларлық болды. Көктемгі жаңару мен қуаныштың белгісіндей өткен мереке мектеп ұжымына жыл бойына серпін берері сөзсіз.