30.05.2025ж. 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында 5–8 сынып оқушыларының сыныптан сыныпқа көшірілуі, мақтау қағазымен марапатталуы; мектеп кітапханасы мен мектеп психологінің жұмысының ІІ жартыжылдық есебі, ”Жазғы лагерь” ұйымдастырылуы мәселелері талқыланды.
Педагогикалық кеңестің 2-бөлімінде 2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды талдау және 2025-2026 оқу жылын жоспарлау мақсатында «Мұғалімнің кәсіби бейнесі: біліктілік пен
қарым-қатынас арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында мұғалімдер топтарға бірігіп, мектеп өмірінен жағдаяттарды зерттеді. Атқарылған жұмыстарға SWOT талдау жасалып, ұжымның жетістіктері мен келесі жылы атқарылуы тиіс іс-шаралар тізбесі нақтыланды.