Мектепте тазалық пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұстаздар қауымы игі бастама көтеріп, мектеп ауласын жинап, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп аумағын таза әрі көрікті ету ғана емес, сонымен қатар оқушыларға қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау үлгісін көрсету. Мұғалімдер тек білім беріп қана қоймай, өз істерімен де тәрбиенің жарқын үлгісін көрсетті. Аталған бастама мектеп ұжымының ұйымшылдығы мен жауапкершілігін айқын дәлелі болып табылады. Мектеп ауласының көркеюіне өз үлестерін қосқан ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз!

https://www.instagram.com/reel/DHtYsd2Ntus/?igsh=MXZnZjAzZGlsbTk5Yg==