Мектеп Парламенті ұйымының мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік,әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын,қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Мектеп Парламенті ұйымының міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін,мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру, ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру.

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:

1.Құқық және тәртіп фракциясы

2.Ақпарат фракциясы

3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясы

4.Өзін-өзі тану және психология фракциясы

5.Қамқорлық фракциясы

6.Мәдениет және өнер фракциясы

7.Дебат қозғалысының фракциясы

8.Экология және еңбек фракциясы

Парламент жетекшілері

1. Орынтай Жанасыл– парламент басшысы, құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі

2. Қалық Адия – ақпарат фракциясының жетекшісі.

3. Қожақан Парасат – спорт және салауатты өмір салты фракциясының жетекшісі

4. Қайрат Алуа - өзін-өзі тану және психология фракциясының жетекшісі

5. Қайыржан Алдияр – экология және еңбек фракциясың жетекшісі

6.Тұяқ Зере – қамқорлық фракциясың жетекшісі

7.Еламанова Гүлен – дебат қозғалысының фракциясының жетекшісі

8. Токтамурат Айша - мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі

Мектеп парламент басшысы және құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі Орынтай Жанасыл Қуандыққызы.

Менің мақсатым мектеп өмірін жақсы жаққа өзгертуге, оқушылардың пікірін қорғауға және барлығына қолайлы орта қалыптастыруға ұмтыламын. Менің басты мақсатым – әрбір оқушының өз таланттарын дамытып, мектепте өзін жайлы сезінуіне жағдай жасау.

Мен мектептегі оқу мен демалысты үйлестіру, жаңа жобалар мен қызықты іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту үшін жұмыс істеймін. Әр оқушының дауысы маңызды, сондықтан мен сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдап, ортақ шешім қабылдауға дайынмын.

2025 жылдың 12 ақпан күні «№109 орта мектеп» сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Орынтай Жанасыл Қуандыққызы парламент басшысы, құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі атанды.

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы мектептің ішкі өміріне белсене араласып, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырады, оқушылардың тәртібіне, сабаққа қатысуына мониторинг жүргізеді, тіпті әкімшілікке ұсыныстар беріп, бастама көтере алады.

Өзін-өзі басқару ұйымы – бұл адамдардың өз ортадағы өміріне белсенді араласуына, жауапкершілікті бөлісуіне және дамуына арналған мүмкіндік.