Бұл жиында жайлы мектептердің әрбір оқушыға қолжетімді болуы, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Мұғалімдер мен мектеп басшыларының пікірі тыңдалды.
📖 #109 орта мектептің педагогикалық ұжымы министрдің сөзін бір жерден отырып тыңдады.
Министр жайлы мектептердің инфрақұрылымы, материалдық базасы жоғары деңгейде жабдықталғанын айта отырып, мектептің микроклиматы, беретін білімі мен тәрбиесі жасампаздыққа және отансүйгіштікке баулып әр бала мектепте өзін еркін сезінуі керектігін атап өтті. 2028 жылға дейін барлық мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы жайлы мектептермен теңесетінін жеткізді.

📎 Мектеп ұстаздары министрдің жайлы мектептер аккредитациядан өткізілетіні және өткен мектептің мұғалімдеріне бір саты жоғары санат автоматты түрде берілетіні жайлы сөзін қуана қабылдады.
📌 Министр Ғани Бектайұлы Бейсембаев мұндай кездесулерді тұрақты түрде педагогикалық кеңес ретінде өткізіп тұру қажеттігін атап өтіп, мектеп ұжымдарымен кері байланысты нығайту басты міндеттердің бірі екенін айтты.
❤️ Өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі ұстаз рөлінің маңызын ескере келе, Ғани Бектайұлы айтқан "мейірімді директор", "мейірімді ұстаз", "мейірімді оқушы" және "мейірімді ата-ана" төрттігінің ісі берекелі әрі сапалы болатынына сенімдіміз және осы жолда аянбай еңбек етеміз.