Оқушылардың мектептегі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ
І.Оқушы тәртібі туралы жалпы ереже
1. Оқушылар сабаққа 10-15 минут ерте келуі міндетті.
2. Сабаққа оқушы ҚР Білім және Ғылым министрінің 26-бұйрығына сәйкес ұлдар — классикалық үлгідегі қара немесе қою көк шалбар, костюм, ақ көйлек, қыздар – қара немесе қою көк юбка, ақ кофта киюге міндетті.
3. Сыныпта сынып жетекшісі тарапынан бекітілген орынға ғана отырып, өтілетін сабаққа қатысты оқу құралдарын даярлайды.
4. Мектепке және мектеп ауласына адам денсаулығы мен өміріне қауіпті заттар, жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар алып кіруге қатаң тыйым салынады. Әкелген жағдайда, оқушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
5. Мектеп бағдарламасына сәйкес берілген үй тапсырмаларын күнделікке толтыруға және орындауға міндетті.
6. Сабаққа қатысты барлық қажетті оқу және жазу құралдарын әкелуге міндетті.
7. Оқушы сабақтан қалған күндеріне дәрігер анықтамасын, ата-анасының немесе заңды өкілінің түсініктеме хатын алып келуге міндетті.
8. Оқушыларға сабақтан дәлелді себепсіз қалуға қатаң тыйым салынады. Оқушыға үш күннен артық сабаққа дәлелді немесе дәлелсіз себеппен сабаққа келмегені үшін сынып жетекші тарапынан анықтамалық құжат толтырылып, мектеп әкімшілігіне тапсырылады.Дәлелсіз себеппен сабаққа келмеген оқушы профилактикалық есепке алынып, ата-анасы немесе заңды өкілінен түсініктеме алынады.
9. Оқушылар мектепте, көпшілік мәдени орындарда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әдептілік танытуы тиіс.
10. Оқушылар мектеп мүлкіне, өзінің және өзгелердің жеке мүлкіне ұқыптылықпен қарайды.
11. Оқушыға өзін мектеп ішінде діни сипаттағы киімдер киюге, діниэкстремистік көріністе насихат жұмыстарын жүргізуге, құқықбұзушылыққа бейім әркеттерге баруға және ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Атап көрсетілген көріністер орын алған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
12. Мектеп ғимаратында «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдермен, фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды (ұялы телефондар, планшеттер, смарт сағаттар және соған ұқсас басқа да құрылғылар) пайдалануға тыйым салынады (оқу үдерісіне пайдалануға қажеттілік туындаған жағдайдан басқа);
13. Ата-аналарға және бөгде адамдарға сабақ уақытында мектеп ғимаратына кіруге болмайды (сырттан келген қонақтар кезекші вахтаға тіркеліп, рұқсат алып кіреді).
ІІ.Оқушылардың сабақ уақытындағы тәртібі
1. Сыныпқа мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрып құрмет көрсетеді. Мұғалім амандасып болғаннан кейін және оның рұқсатымен орындарына отырады.Сондай-ақ, сабақ уақытында өзге де үлкен кісілер кірсе, орнынан тұрып құрмет көрсетеді.
2. Әрбір мұғалім өз сабағы мен оқушылармен қарым-қатынас тәртібін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен мектеп жарғысына сәйкес ұйымдастырады.
3. Сабақ уақытында шулауға, өзін және сыныптас достарын сабақтан алаңдатуға, сабаққа қатыссыз іс-әркеттермен (мобильді телефонмен, айпад, наушник т.б заттармен ойнауға, әңгімелесу, күлу) айналысуға тыйым салынады.
4. Сабақ уақытында сыртқа тек мұғалімнің рұқсаты бойынша ғана шығады.
IIІ. Оқушылардың қоңырауда, үзілісте және ауысым аралық уақыттағы тәртібі
1. . Үзіліс кезіндегі оқушылар міндеті:
— өз партасы мен орындығының тазалығына назар аударуға;
— мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің талабын орындауға;
— мұғалім өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа даярлауға;
— үзіліс кезінде тек өз сыныбының аумағында болуға;
— мұғалімдермен, ата-аналармен, үлкен кісілермен кездескенде амандасып, жол беруге;
— мектеп дәлізінде, баспалдақта оң жақпен жүруге;
-мектеп ішінде жүгірумеуге;
— мұғалімдер бөлмесіне рұқсатсыз кірмеуге;
2. Оқушыларға тыйым салынады:
— ер балаларға шаш өсіруге, әр түрлі түске бояуға, мектеп оқушысына тән емес стильде шаш үлгісін қоюға, әр түрлі зергерлік бұйымдар тағуға;
— қыз балаларға шаштарын жаюға, әр түрлі түске бояуға, түрлі зергерлік бұйымдарды тағуға, тырнақтарын шектен тыс өсіріп, бояуға;
— мектеп ішінде босқа жүруге;
— сырт киіммен жүруге;
— мектеп терезесінің алдына ойнауға, отыруға;
— дәлізде не сыныпта бірін-бірі итеруге, алысуға, түрлі заттарды қолданып күш көрсетуге;
— мектеп ішінде бейәдеп сөздер сөйлеп, шулауға, қатты дауыс шығарып күлуге;
— мектеп ғимараты мен ауласында темекі шегуге;
— сабақ аяқталғаннан кейін мектеп ішінде немесе ауласында босқа жүруге;
3. Сынып кезекшісінің міндеті:
— қоңырау кезінде сыныпта болуға;
— сынып тазалығын қадағалауға;
— сыныпты келесі сабаққа даярлау үшін пән мұғаліміне көмектесуге;
4. Асханадағы оқушылар міндеті:
— асхана қызметшілері мен мұғалімдердің талабын орындауға;
— сабаққа кіруге соғылған қоңыраудан кейін асханада болмауына;
— ыстық тамақ пен сусындарды өте ұқыптылықпен алуға;
— тамақ ішіп болғаннан кейін өз ыдыстарын жинауға;
ІV. Қорытынды ереже
1. Ереже мектептің оқу-тәрбие процесіне қатысты барлық іс-шаралар уақытында қолданылады және жүзеге асырылады.
2. Ереже педагогикалық кеңесте қаралып, мектеп директорының бұйрығына сәйкес қолданысқа енеді. Сыныптағы әр оқушы осы ережемен танысуға және орындауға міндетті.
3. Ережеге толықтырулар мен өзгерістер педагогикалық кеңестің шешімі бойынша енгізіледі.