🖌️Арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

✏️2025 жылғы 11 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің “№109 орта мектеп” КММ-де Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен маңызды кездесу өткізді.
✏️Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, “Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” РММ, сондай-ақ Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің мамандары қатысып, маңызды мәселелер талқыланды.
✏️Кездесу барысында еліміздегі арнайы және инклюзивті білім беру саласын дамыту, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқығын қорғау, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Министр Ғани Бейсембаев өз сөзінде мемлекет тарапынан ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған кешенді жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол білім беру ұйымдарында инклюзивті орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта педагогтердің әдістемелік және психологиялық қолдауға ие болуы қажеттігін айтты.
Ғани Бектайұлы инклюзия саласында адал еңбек етіп жүрген педагогтерді “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен және алғыс хатпен марапаттады.
Кездесу қатысушылары салалық мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай форматтағы ашық диалог білім беру саласындағы өзекті проблемаларды шешуге және тиімді стратегияларды қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

https://www.instagram.com/reel/DITs_l4TAGf/?igsh=NmwwMjZoYWdleGw1
@gani.beisembayev
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@k.sengazyyev_official
#жайлымектеп #астанақаласы #жайлымектепұлттықжобасы #білімбасқармасы #oquagartu