Skip to content

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған игі…

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған игі шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, сондай-ақ тұрғындар мен жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осындай бастамалар қоғамда тазалық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған .
Сенбілікке оқушылар, мұғалімдер белсенді қатысып, мектеп аумағы мен оған жақын жерлерді қоқыстан тазарту, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар аумақты ретке келтіріп, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Шара барысында тұрмыстық қалдықтар шығарылды, көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Мұндай сенбіліктер табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен қатар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді .
Осындай экологиялық акциялар қоғамның барлық мүшесін біріктіріп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырады.
Тазалық – әр адамның өзінен басталатынын еске салады. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері