Skip to content

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елімізде үлкен экологиялық айлық өтіп…

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елімізде үлкен экологиялық айлық өтіп жатқаны белгілі. Бүгін, 16 мамыр — осы маңызды науқанның қорытынды күніне орай, мектебімізде тазалық сенбілігі ұйымдастырылды. Игі іс-шараға мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары мен ұстаздары біркісідей атсалысып, белсенділік танытты. Сенбілік барысында мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қала басшылығының тікелей бақылауында болған бұл акция жас ұрпақтың табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Белсенділік танытқан барша ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтамыз! @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері