*ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АСТАНАДА 5000 ӘКЕ МЕН БАЛА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ*
Бүгін Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 5000 әке мен бала ағаш отырғызды. Іс-шараны қалалық Білім басқармасы мен Әкелер одағы ұйымдастырды.
Игілікті шараға өнер адамдары, кәсіпкерлер мен еліміздің даму жолына еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты.
Сарайшық ауданындағы Кенен Әзірбаев көшесіндегі гүлзарда 300-ден астам адам бас қосып, шара ауқымды түрде өтті. Қатысушылар бірнеше сағат ішінде жүзден аса көшет егіп, ағаш діңдерін әктеді. Ашық аспан астында палау мен бауырсақ әзірленіп, көпшілікке ұсынылды.
Балалардың ерекше ықыласына Теміртес атты робот-ит ие болды. Ол командаларды орындап, балалармен тілдесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Бүгін Астанада ашық аспан астында көптеген азаматтар өз балаларымен игілікті іс-шараға қатысып жатыр. Бұл үлкен тәрбие. Әке мен бала арасындағы сыйластық пен жауапкершілікті арттыратын шара. Барлық әкелерді осындайдан қалмауға шақырамын. Астана – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстап, қадірлеу – әр азаматтың парызы», – дейді Астана қаласы Әкелер одағының төрағасы Бекдайыр Нығметұлы.
Акция қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға
KZ
