Skip to content

STEAM-UP жобасы

Мектебімізде оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және инженерлік дағдыларын дамытуға бағытталған STEAM-UP жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жоба заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың ғылымға, технологияға және инновацияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді.

Оқу жылының басында педагогтер үшін «STEAM технологияларын сабақ барысында тиімді қолдану» тақырыбында арнайы семинарларлар ұйымдастырылды. Семинарларда мұғалімдер жобалық оқыту, тәжірибелік тапсырмалар және пәнаралық байланысты дамыту әдістерімен танысты. STEAM.kz платформасымен жұмыс істеу бойынша арнайы практикумға қатысты.

Желтоқсан айында мектепте STEAM жобалар байқауы өткізіліп, оқушылар өздерінің алғашқы ғылыми және инженерлік жобаларын ұсынды. Байқау барысында қатысушылар робототехника, экология, цифрлық технологиялар және күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобаларын таныстырды.

10 сәуір күні мектепте «SCIENCE HUB: Идеядан шешімге» атты жобалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің тың идеяларын көпшілікке ұсынып, жобаларының практикалық маңызын көрсетті. Жәрмеңке жас зерттеушілер үшін тәжірибе алмасу алаңына айналып, ғылым мен технологияға қызығатын оқушылардың басын қосты.

Қазіргі таңда мектепте өмірлік жағдаяттарға негізделген STEAM жобалары жүзеге асырылуда. Оқушылар нақты мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмалар арқылы сыни ойлау, командалық жұмыс және шығармашылық қабілеттерін дамытуда.

Мектеп ұжымы STEAM білім беру бағыты оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттырып, оларды заманауи технологиялық ортаға бейімдеуге мүмкіндік береді деп есептейді. Алдағы оқу жылында STEAM-UP жобасы аясында жаңа байқаулар, зертханалық жұмыстар және инновациялық жобалар ұйымдастыру жоспарланып отыр.