Skip to content

«Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар…

«Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру сабағы өткізілді

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру, сондай-ақ олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру болды.
Сабақ барысында ҰБТ-ның маңыздылығы, мамандық таңдаудағы негізгі факторлар, еңбек нарығындағы өзекті бағыттар кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, түрлі пікірлермен бөлісті.

Сонымен қатар «Мен кім боламын?» тақырыбы аясында «3 таңдау» әдісі қолданылып, оқушылар:
🔹 Арман мамандығы
🔹 Шынайы таңдауы
🔹 Қосымша мүмкіндігі
бойынша өз жоспарларын саралап, болашаққа деген көзқарастарын айқындады.

Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар бүгінгі кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі мамандық таңдауда ойланып, нақты мақсат қоюдың маңыздылығын түсінгендерін атап өтті
Бұл сабақ оқушыларға өз болашағына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс таңдау жасауға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік берді. Кәсіби бағдар беруші педагог: Садуова А.Т. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@asta