*Менің әкемнің суперқабілеті — бізге күн сайын қамқор болу.*
Менің әкем — мен білетін ең мықты адам. Бірақ оның күші тек мінезінде емес, біздің отбасымызға күнделікті көрсететін қамқорлығында.
Ол әрдайым бізді ойлайды. Әкем күн сайын азық-түлік алып келеді, үйде бәрі бар болуын, біздің тоқ әрі ештеңеден таршылық көрмеуімізді қамтамасыз етеді. Жұмысы көп болса да, түскі асқа үйге келіп, бізбен бірге отырып, жағдайымызды сұрап үлгереді.
Ол көп еңбек етеді, шаршаса да оны білдірмейді. Ол үшін ең бастысы — біздің амандығымыз бен қуанышымыз. Әкем бәрін сөзбен емес, іспен дәлелдейді, өйткені ол мұны өзінің міндеті деп біледі.
Мен үшін әкем — қамқор, сенімді, жауапты нағыз ер адамның үлгісі.
Оның суперқабілеті — бізді сөзбен ғана емес, іспен сүю.
Мен әкеммен мақтанамын.
3 “А” сыныбы. Ергазин Дамир
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
