Skip to content

🎉 Мектебіміздің мақтанышы! Мектебіміздің 11 «А» -сынып түлегі Ульмесеков Ерасыл…

🎉 Мектебіміздің мақтанышы!
Мектебіміздің 11 «А» -сынып түлегі Ульмесеков Ерасыл Ерлановичті еліміздің ең үздік жоғары оқу орны — Назарбаев Университетіне грантқа түсуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ерасылдың бойындағы еңбекқорлық пен білімге деген құштарлық оны үлкен белеске жетеледі. Бұл — ұстаздар мен ата-ананың бірлескен еңбегінің зор жемісі. Ерасыл, жаңа өмірлік қадамың сәтті болсын! Еліміздің мақтанышы болып, үлкен шыңдарды бағындыра беруіңе тілектеспіз. Мектебің сенімен мақтанады! ✨