Skip to content

👨‍👩‍👧‍👦 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 🗓 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне…

👨‍👩‍👧‍👦 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

🗓 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.

✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.
Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
🏫 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру

📑 Қажетті құжаттар:

Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 📝

Баланың туу туралы куәлігі;

Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;

№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 🏥

Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті. 📸

Ескерту: Мектеп әкімшілігі Сізден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

📍 Мектептердің қызмет көрсету аумағына (микроучаскелерге) бекітілуі туралы ақпаратты Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан [https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim?lang=kk] және мектептердің сайттарынан білуге болады.
Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.

🔄 Мектептер ар