Skip to content

Көктемгі мейірім апталығы аясында мектепте Мектеп Парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен 2–6…

Көктемгі мейірім апталығы аясында мектепте Мектеп Парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен 2–6 сынып оқушылары арасында «ҚамқорBOL» атты «Құстарға қамқорлық» акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық көрсету мәдениетін қалыптастыру. Акция барысында оқушылар құстарға жем шашып, ұялар орнатуға атсалысты, сондай-ақ құстарды қорғау туралы танымдық әңгімелер жүргізілді.
Мұндай игі бастамалар оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері