Skip to content

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы…

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 9 шілде күні №109 жалпы орта білім беретін мектепте жазғы демалыс кезіндегі оқушыларға арналған «Қазақфильм» киностудиясының балалар фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басында оқушыларға «Қазақфильм» киностудиясының тарихы, ұлттық кино өнеріндегі орны және балаларға арналған тәрбиелік мәні зор фильмдері туралы қысқаша ақпарат берілді.
Одан кейін оқушылар «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған балалар фильмдерін қызығушылықпен тамашалады.
Көрсетілім соңында оқушылар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді. Олар фильмдердің мазмұны қызықты әрі тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.