“ҚАЗАҚСТАН БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ”: АСТАНАДА 2000 ОҚУШЫ “АЛТЫН ҰЯ” КҮЙІН ОРЫНДАДЫ.
«Қазақстан біздің ортақ үйіміз» тақырыбындағы ауқымды музыкалық іс-шара 28 сәуір күні сағат 10:00-де ЕХРО халықаралық көрме орталығының алаңында өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында елорданың 2000-ға жуық оқушысы домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, флейта, скрипка және басқа да ұлттық әрі классикалық аспаптардың сүйемелдеуімен Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін бір мезетте орындап шықты. Шығарма Отанға, туған жерге деген ыстық сағыныш пен шексіз махаббатты бейнелейді.
Флешмобқа Астана қаласы музыкалық мектептер мен өнер мектептері, жалпы білім беру ұйымдарының 10-16 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің қосымша білім беру мекемелері.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
