Астана қаласы әкімдігінің №109 орта мектебінде 2025 жылдың 25 сәуір күні «№109 мектепке – 109 күн!» мерекелік іс- шарасы аталып өтілді. Мектептің алдында көңілді музыка ойналып, мектеп ұжымы келген қонақтарды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Мектеп алдында жүргізушілеріміз бүгінгі ерекше күнде екеуіміз секілді оқушылар білім нәрін алып жатқан, мына «Жетісу» бигвилінде орналасқан біздің алтын ұя – білім ордамыз - №109 орта мектебінің ашылғанына 109 күн толып отыр –деп концерттік бағдарламаны бастап кетті.
Мектебімізге 109 күн толуына орай жетістіктерімізді қорытындылап, шағын есеп беру сәтіне көрермендер куә болды. Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Ермухамбетова Жанар Закарьяқызына берілді.
Мектеп директорының сөзінен бұл уақыт аралығында оқушыларымыздың біліммен сусындап, түрлі жетістіктерге жеткені, мұғалімдер үшін әр күн – бір жаңа белес, әр апта – бір жаңа жеңіс болғандығы, бүгінгі іс-шара – сол табыстардың айғағы екені көрініп тұрды.
Мектебіміздің ашылғанына аз уақыт болса да мектеп оқушыларынан оркестр құрылып, көрермендерге «Келіншек» күйін тарту етті. Сонымен қатар 3-4 сынып оқушыларының орындауындағы бидің куәгері болдық. Би соңында оқушылардың 109 санын көрсетіп тұра қалғандары көрермендерді тәнті етті.
Мектебіміздің шағын мерейтойына орай болашақ пен көктеудің символы ретінде білім ордасының ауласына #109 тал егілді. Келген қонақтар, осы игі іске қатысып, мектебіміздің өркендеуіне өздерінің үлестерін қосты.


@gani.beisembayev @jenis_qasymbek @k.sengazyyev_official #109мектеп #астанақаласы #жайлымектепұлттықжобасы #білімбасқармасы