📣 28 сәуір күні мектебімізде 1 мамырға арналған ерекше Достық фестивалі өтті! 🌎✨
Фестиваль 3 кезеңнен тұрды:

🥘 Тағамдар сайысы
Әр сынып өзіне таңдалған ұлттың ұлттық тағамын әзірлеп, оны 1 минут ішінде креативті түрде таныстырды. Кейбір сыныптар қызықты видеороликтер арқылы қорғады!

👘 Киім үлгісі көрсетілімі
Әр сыныптан кемінде 10 оқушы ұлттық киім киіп, әсем дефиле жасады. Түрлі ұлттардың ою-өрнегі мен сән үлгілері сахнада жарқырады.

🎶 Ұлт өнері
Оқушылар ән айтып, би билеп, сахналық көріністер қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр ұлттың мәдениеті ерекше сезілді!

Бұл күн бізге достық пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте сезіндірді! 🤝
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! ❤️
@gani.beisembayev @jenis_qasymbek @k.sengazyyev_official #жайлымектеп #109