Skip to content

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен бірыңғай…

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен бірыңғай жалпы республикалық «Мен таңдаған жол» тақырыбындағы ашық сабақ ұйымдастырылды. Аталған іс-шара заманауи форматта, онлайн режимде өткізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ әрбір оқушының өмірлік дұрыс бағыт таңдауына ықпал ету болып табылады. Сабақ барысында оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психологиялық тұрақтылық және жеке қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі ақпараттық материалдармен танысып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Онлайн формат оқушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпқа деген қызығушылығын күшейте түсті. Аталған ашық сабақ оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, саналы өмірлік таңдау жасауына оң әсерін тигізді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағына бейжай қарамай, өз өмір жолын дұрыс бағытта қалыптастыруға бағыт берді. Қорытындылай келе, «Мен таңдаған жол» атты бірыңғай республикалық ашық сабақ өз деңгейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақ