Бүгін мектебімізде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытында арнайы тест-сауалнама жүргізілді. 30,31 наурыз, 2 сәуір күндері аралығында 7-9 сынып оқушылары қатысады.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беру. Тесттің негізгі бағыты – оқушыларға логикалық жағынан сұрақтар қойып, қандай бағытта қызуғышылықтары мен талаптары бейім екенін анықтау. Тест барысында оқушылар өздерінің бейімділіктерін саралауға мүмкіндік алды.
Кәсіби бағдар беру – жасөспірімдердің болашақта дұрыс таңдау жасауына көмектесетін маңызды қадамдардың бірі. Осындай жұмыстар арқылы оқушылар өздерін тереңірек танып, алдағы мақсаттарын айқындай түседі.
Болашақ – бүгіннен басталады! Әр оқушы өз жолын табады деп сенеміз.
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@astana_daryny
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ




