Skip to content

Бүгін мектебімізде «Digital Kumon» жобасының жылдық қорытындысы шығарылып, бір жыл…

Бүгін мектебімізде «Digital Kumon» жобасының жылдық қорытындысы шығарылып, бір жыл бойы табандылық пен талаптың үлгісін көрсеткен үздік оқушылар марапат төрінен көрінді.
Маңызды жиынға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Гүлшат Тоқтасынқызы Мұхтарханова қатысты.
Оқу жылы бойы шәкірттер жүйелі түрде деңгейлік тапсырмалар орындап, арифметикалық амалдарды жылдам әрі қатесіз орындауға машықтанды. Бағдарлама балалардың тек математикалық қабілетін емес, логикалық ойлауын, зейінін, ұқыптылығы мен табандылығын қатар дамытты.
Жобаның нәтижесі — көзге көрінерлік жетістік. Бұрын есеп шығаруға қиналатын оқушылар бүгінде тапсырмаларды еркін әрі сенімді орындайды. Ойша есептеу қабілеті артып, сабақтағы белсенділігі күшейді. Ең бастысы, балалардың математика пәніне деген қызығушылығы оянып, білімге деген құштарлығы арта түсті.
Тоқсан сайын білім сапасының өсуі анық байқалып, бақылау жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай жақсарды. Бұл — ұстаз бен оқушының бірлескен еңбегінің, үздіксіз ізденіс пен табанды жұмысының жарқын жемісі. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері