Skip to content

📚 БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР — ЖАҢА БІЛІМ АЛАҢЫНДА! Мектебіміздің 7–8 сынып…

📚 БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР — ЖАҢА БІЛІМ АЛАҢЫНДА!

Мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары қараша айынан бастап Oq.ai кітап оқуға арналған платформасының пилоттық жобасына белсенді қатысып келеді.

Бұл жоба – жай ғана кітап оқумен шектелмейді. Платформаның мүмкіндіктері өте көп. Оқушылар әр шығарманы оқи отырып, жасанды интеллект көмегімен құрастырылған түрлі тапсырмаларды орындап, өз ойларын талдап, терең түсінуге мүмкіндік алды. Көркем әдебиетті уақытында оқып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жоба авторлары тарапынан атап өтіліп, сыйлықтармен марапатталды.💡

📖 Нәтижесінде:
— оқушылардың оқу дағдысы жақсарды
— сыни ойлау қабілеті дамыды
— қызығушылықтары артты
— заманауи технологиямен жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасты

✨ Енді жоба тек көркем әдебиет оқумен шектелмей, жақсартылып, оқу бағдарламасына енгізіліп, пилоттық кезең сәтті аяқталған жағдайда қаланың барлық мектептеріне ұсынылатын болады.

Осындай инновациялық жобалар арқылы біз білім алудың жаңа деңгейіне қадам басудамыз! 🚀

#Oqai #КітапОқу #ЖасандыИнтеллект #Білім #МектепӨмірі