“Бірлік және ынтымақ” айы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 5–7 сынып оқушылары арасында “Батырлар жолымен” атты әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын көтеру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, батылдыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жарыс барысында қатысушылар кедергілер жолағынан өту, жылдамдық пен ептілікті талап ететін түрлі тапсырмалар бойынша өз бақтарын сынады. Оқушылар белсенділік танытып, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақты елін, жерін қорғауға тәрбиелеп, олардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
