Skip to content

📚✨ «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» ✨📚 2 «В», 2…

📚✨ «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» ✨📚

2 «В», 2 «Г», 3 «Ғ» сынып оқушылары арасында «Оқу станциялары» әдісі бойынша танымдық сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру және мәтін бойынша өз пікірін еркін жеткізуге үйрету.

Оқушылар үш станция бойынша тапсырмалар орындады:
🔹 Сөздерді табу
🔹 Сөйлем құрау
🔹 Мәтінге пікір жазу

Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Тапсырмалар арқылы олардың логикалық ойлауы, шығармашылық қабілеті және тілдік дағдылары дамыды.

Сайыс өте қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар ұйымшылдық танытып, өз сыныптарының намысын абыроймен қорғады.

Сайыс соңында белсенді қатысқан сыныптар марапатталып, оқушыларға алғыс білдірілді.

🌟 Білімге ұмтылған әрбір шәкірт – жарқын болашақтың кепілі!