Skip to content

Бастауыш 3–4 сынып оқушылары арасында өткен мектепішілік пәндік олимпиада туралы…

Бастауыш 3–4 сынып оқушылары арасында өткен мектепішілік пәндік олимпиада туралы

2026 жылғы 28–29 сәуір күндері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында қалалық пәндік олимпиадаға іріктеу кезеңі ретінде мектепішілік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, оларды қолдау және жетістікке жетелеу, сондай-ақ қалалық олимпиадаға іріктеу.

Олимпиада келесі пәндер бойынша ұйымдастырылды:

1. оқыту тілі қазақ тіліндегі сыныптар үшін – қазақ тілі;
2. оқыту тілі орыс тіліндегі сыныптар үшін – орыс тілі;
3. ағылшын тілі;
4. математика;
5. дүниетану;
6. жаратылыстану.
Олимпиадаға барлығы 81 оқушы қатысып, тілдік, жаратылыстану-танымдық және математикалық бағыттар бойынша білімдерін көрсетті. Оқушылар логикалық ойлау, талдау және шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде таныта білді.

Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

Қазақ тілі пәні бойынша

І орын:
Ибрагим Ахмад (3в) – қалалық кезеңге жолдама
Бекзат Назерке (4а) – қалалық кезеңге жолдама

ІІ орын:
Айдосұлы Әбілхайыр (3а)
Бейбіт Айша (3ә)
Ертай Айша (4г)

ІІІ орын:
Кали Медина (3б)
Жомарт Мейіржан (3ғ)
Алтынхан Райхан (4ә)
Жадырасын Жамилия (4в)