«Балақайлар мектебінің» 16-шы күні ұйымдастырылған іс-әрекетте балалар «Менің мамандығым» тақырыбында өздеріне ұнайтын мамандықтар туралы әңгімеледі. «Ең, ең, ең» тренингі арқылы мамандықтардың ерекшеліктерін анықтап, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Рөлдік-сюжеттік ойын барысында дәрігер, мұғалім, аспаз, өрт сөндіруші және басқа да мамандық иелерінің рөлін сомдап, олардың еңбегімен танысты. Сонымен қатар мамандықтарға қажетті құрал-жабдықтарды сәйкестендіріп, танымдық тапсырмалар орындады.
Сергіту сәті балалардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттырды. Мамандықтар туралы бейнежазба көріп, суреттер мен арнайы киімдер арқылы әр мамандықтың маңызын түсінді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
