Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының “КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КҮНІ”аясында 8…

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының “КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КҮНІ”аясында 8 сынып оқушыларының бастауымен 8–11 сынып оқушылары арасында IDP IELTS-ке дайындық орталығының менторымен кездесу өтті.

Іс-шараға кәсіби бағдар беруші педагог және IDP Education IELTS дайындық орталығының менторы қатысты.

Кездесудің мақсаты:
Оқушыларға шетелде білім алу мүмкіндіктері, халықаралық емтихандар және ағылшын тілін меңгерудің маңызы туралы ақпарат беру, кәсіби бағыт-бағдар көрсету және болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектесу.

Кездесудің барысы:
Шара барысында ментор оқушыларға IELTS халықаралық емтиханы туралы, оған дайындық жолдары, емтихан құрылымы және шетелдік университеттерге түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, ағылшын тілін меңгерудің қазіргі еңбек нарығындағы маңызы және халықаралық білім беру бағдарламалары туралы түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ментордан нақты жауаптар алды.

Кері байланыс:
Кездесу соңында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, халықаралық емтихандар мен шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы маңызды мәліметтер алғандарын айтты. Іс-шара олардың болашаққа деген көзқарасын кеңейтіп, кәсіби бағыттарын анықтауға көмектесті.

“Болашаққа сенімді қадам – дұрыс таңдалған мамандықтан басталады!”
“Таңдау жасаудан қорықпа – әрекет етуден қорық!”

Өткізген:
Кәсіби бағдар беруші педагог: Садуова А.Т

Қатысқан:
IDP Education IELTS дайындық орталығының менторы
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері