«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында мектебімізде Кәсби бағдар беру күніне орай 9-сынып оқушыларына арналған ерекше әрі мазмұнды кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға KILC колледжінің мамандары арнайы келіп, оқушылармен өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылар шет елден келген оқытушымен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, ағылшын тіліне байланысты мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беру және халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру. Мамандар өз оқу орындарындағы заманауи мамандықтар, оқу жүйесі, студенттік өмір және ағылшын тілін меңгерудің артықшылықтары жайлы жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі сұрақтар қойылды. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, шараның әсерлі өтуіне ықпал етті.
Оқушылар тарапынан кері байланыс өте жоғары болды. Олар өздеріне пайдалы мәліметтер алғандарын, болашақ мамандық жайлы ойланғандарын және шетелдік оқытушымен тілдесудің ерекше тәжірибе болған
KZ
