01.06–26.06.2026 ж. аралығында өткен “Балақайлар мектебінің” қорытынды сабағы ата-аналардың қатысуымен,бірлескен жұмыс жасай отырып өткізілді.
Ұстаздардың бағыт-бағдарымен бүлдіршіндер «Мен», «Мектеп», «Менің әлемім», «Мен болашақ жұлдызбын» бөлімдері бойынша алған білімдері мен дағдыларын сенімді түрде көрсетті.
Сабақ барысында балалар мен ата-аналар бірлесіп:
«Жылдам құрастыр» тапсырмасын орындады:
«Біздің көңілді демалысымыз» тақырыбында топтық аппликация жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты.
Жылы атмосферада өткен «Тілек шеңберінде» балалар мен ата-аналар бір-біріне тілектерін арнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сабақ соңында ұйымдастырылған «Естелік ағашы» ерекше әсер қалдырды. Балалар мен ата-аналар түрлі-түсті жапырақтарға:
«Маған ұнаған сәт…»,
«Менің тілегім…»,
«1-сыныпта мен…» деген ойларын жазып, естелік ағашына жапсырды. Бұл шара олардың әсерлерін, армандары мен болашаққа деген сенімдерін бейнеледі.
Осындай мазмұнды жұмыстар арқылы бүлдіршіндер мектепке дайындығын көрсетіп, ата-аналар балалардың жетістіктеріне куә болды.
Барша бүлдіршіндерге жарқын болашақ, сәтті қадам және 1-сыныпта толағай табыс тілейміз!
Сегодня был заключительный день в Малышкиной
KZ
