💫💫💫Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектебіміздің тұңғыш түлектері!
Бүгін мектебіміз үшін тарихи әрі ерекше күн — алғашқы түлектерімізге жалпы орта білім туралы аттестат табыстау салтанаты. Бұл айтулы сәт ұстаздар қауымы мен ата-аналардың ортақ еңбегінің жемісі.
Биылғы оқу жылының негізгі көрсеткіштері:
• Түлектер саны: 25 оқушы
• «Үздік аттестат» иегері: 1 оқушы
• «Оқу озаты»: 2 оқушы
• Білім сапасы: 60% (алғашқы шығарылым үшін өте жоғары көрсеткіш)
Қымбатты түлектер!
Сіздер мектеп тарихында «Алғашқы түлектер» ретінде мәңгі қаласыздар. Осында алған білім мен тәрбие болашақтарыңызға берік іргетас болсын. Қай саланы таңдасаңыздар да, еліміздің бәсекеге қабілетті, адал әрі парасатты азаматы болатындарыңызға сеніміміз мол.
Үлкен өмірге қадамдарыңыз сәтті болсын, ақ жол! Салтанатты сәт құтты болсын!
KZ





