✨ Тарихқа айналған ерекше күн! ✨
18 маусым күні мектептің шежіресіне алтын әріптермен жазылатын айтулы оқиға орын алды – алғашқы 25 түлек үлкен өмірге қанат қақты! 💥
Қолдарына көптен күткен аттестаттарын алған жас түлектер жаңа белеске сеніммен қадам басты. Салтанатты кеште пән мұғалімдері, сынып жетекшілері мен ата-аналар ақ тілектерін арнап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Ал түлектер білім мен тәрбие берген ұстаздарына, әрдайым жанынан табылған ата-аналарына шынайы алғыстарын білдіріп, әсерлі сәттер сыйлады. Қуаныш пен қимастық қатар өрілген бұл кеш әрбір жанның жүрегінде мәңгілік естелік болып қалары сөзсіз.
🌟 Бүгін – аттестат алған күн,
🌟 Ертең – армандар орындалатын жаңа өмірдің бастауы.
Қымбатты жас түлектер!
Жолдарыңыз әрдайым ашық, қадамдарыңыз нық, мақсаттарыңыз биік болсын! Арманға ұмтылған қанаттарыңыз талмасын, алған білімдеріңіз өмірдің кез келген белесінде сенімді серік болғай!
Ақ жол, 2025–2026 оқу жылының алғашқы түлектері!💐💥
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
