Skip to content

🌿Бір ай бойы №109 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жасыл…

🌿Бір ай бойы №109 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жасыл ел» жасақтарының жастары туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып, табанды еңбек етті. Бұл уақыт аралығында олар көше тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытында белсенді жұмыстар атқарды. Әрбір атқарылған іс – туған елге деген құрмет пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды.
Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық. Бүгінгі жастардың қоршаған ортаға бейжай қарамай, қоғам игілігі үшін еңбек етуі – үлкен мақтаныш. «Жасыл ел» жасақтары тек еңбек етіп қана қоймай, ұйымшылдықты, жауапкершілікті, тәртіп пен сыйластықты қатар көрсете білді. Олар өз еңбектері арқылы тазалықтың маңызын насихаттап, өзгелерге үлгі болды.
Таза әрі көрікті Қазақстан – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Осы жолда аянбай еңбек еткен жастардың белсенділігі мен ынтасы ерекше құрметке лайық. Жас буынның мұндай игі бастамаларға атсалысуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Әр тал егілген ағаш, әр тазаланған аумақ – болашақ үшін жасалған үлкен қадам.
«Жасыл ел» – тек еңбек жасағы емес, ол – табиғатты қорғауға, елге қызмет етуге тәрбиелейтін үлкен мектеп.
💚 Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, жемісті болсын!