№109 ЖОББ мектебінде 25 мымыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіру салтанатты жиыны өтті
Іс-шара мектеп ауласында өтті. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, 1, 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік шара оркестрдің орындауындағы күймен басталып , фанфарлар салтанат сәнін келтірді. Жүргізушілер барлық қатысушыларды құттықтап, 2025–2026 оқу жылының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отырған ерекше жыл екендігін атап өтті.
Салтанатты түрде 11-сынып түлектері сынып жетекшілері Кусаинова Еркежан Маратбековна мен Сарсенгалиева Жулдуз Абдирзаковнаның бастауымен ортаға шақырылды. Түлектер тілек аркасынан өтіп, ізгі тілектер жазылған парақтарды таңдап алып, қошеметпен өз орындарына жайғасты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін мектеп директоры түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, ақ жол тіледі.
Шара барысында мектеп оқушыларының орындауындағы «Нұрсәулем-ай» биі және «Ұстаз ана» әні көпшілік көңілінен шықты. Ата-аналар атынан құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Түлектер өз кезегінде ұстаздарына, ата-аналарына ризашылықтарын білдіріп, жүрек тебірентерлік естеліктерімен бөлісті. Бірінші сынып оқушысымен бірге қойылған «Балалық шақ» атты сахналық көрініс әсерлі сәттердің бірі болды. Символикалық «сиқырлы кілттің» табысталуы білім мен ізгіліктің жалғастығын бейнеледі.
Мерекелік шара түлектердің әсерлі вальсімен жалғасып, бірінші сынып оқушыларының биімен әрлене түсті. Сынып жетекшілері де түлектерге ақ тілектерін арнады.
11-сынып оқушылары салтанатты түрде ортаға шақырылып, қошеметпен тілек аркасынан өтті. Түлектер өздеріне арналған ізгі тілектер мен ақжарма лебіздерді таңдап алып, ерекше әсерге бөленді. Бұл сәт мектеппен қоштасып тұрған жас түлектер үшін есте қаларлық әсерлі кезеңдердің біріне айналды.
Жиын соңында мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ мен емтихандарда сәттілік тілеп, үлкен өмір жолына ақ жол айтылды.
Осындай жарқын мереке мектеп тарихында есте қаларлық ерекше күндердің бірі болды.
KZ
