Skip to content

№109 ЖОББ мектебінде 25 мымыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!»…

№109 ЖОББ мектебінде 25 мымыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіру салтанатты жиыны өтті
Іс-шара мектеп ауласында өтті. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, 1, 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік шара оркестрдің орындауындағы күймен басталып , фанфарлар салтанат сәнін келтірді. Жүргізушілер барлық қатысушыларды құттықтап, 2025–2026 оқу жылының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отырған ерекше жыл екендігін атап өтті.
Салтанатты түрде 11-сынып түлектері сынып жетекшілері Кусаинова Еркежан Маратбековна мен Сарсенгалиева Жулдуз Абдирзаковнаның бастауымен ортаға шақырылды. Түлектер тілек аркасынан өтіп, ізгі тілектер жазылған парақтарды таңдап алып, қошеметпен өз орындарына жайғасты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін мектеп директоры түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, ақ жол тіледі.
Шара барысында мектеп оқушыларының орындауындағы «Нұрсәулем-ай» биі және «Ұстаз ана» әні көпшілік көңілінен шықты. Ата-аналар атынан құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Түлектер өз кезегінде ұстаздарына, ата-аналарына ризашылықтарын білдіріп, жүрек тебірентерлік ест�