Арманға бастар жол: «ҰБТ-ға сенімен!» ✨
Бүгін мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған ерекше, жылы әрі мотивацияға толы шара өтті. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен болашақ түлектеріміз «Армандар картасы: ҰБТ-ға сенімен» атты психологиялық тренингке қатысты.
Тренингтің мақсаты: Оқушылардың бойындағы емтихан алдындағы үрейді басу, өзіне деген сенімділікті арттыру және болашақ мақсаттарын нақты айқындауға көмектесу.
Практикалық жұмыс барысында оқушылар өздерінің үлкен армандары мен мақсаттарын қағаз бетіне түсіріп, жеке «Армандар картасын» жасады. Олар қай ЖОО-да оқығысы келетінін, қандай маман иесі болғысы келетінін және ҰБТ-дан қандай балл алғысы келетінін визуалды түрде бейнеледі.
«Арман — орындалатын мақсаттың бастауы». Өз күшіне сенген адам ғана шыңдарды бағындырады.
Мектеп психологтары түлектерге қолдау көрсетіп, стрессті жеңудің тиімді жолдарын үйретті. Алтын ұя мектебінен қанат қаққалы тұрған біздің 11-сынып оқушыларына ҰБТ-да сәттілік тілейміз! Біз сіздерге сенеміз! ✊🎓
KZ

