Skip to content

✨ «Поэзия – жүрек үні» атты поэзия кеші ✨ Мектебімізде…

✨ «Поэзия – жүрек үні» атты поэзия кеші ✨

Мектебімізде 4 «А» және 4 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Поэзия – жүрек үні» атты әсерлі поэзия кеші жоғары деңгейде өткізілді. 📚🎤

Кештің басты мақсаты – оқушыларды поэзияны сүйіп оқуға баулу, өлеңді мәнерлеп әрі сезіммен оқуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру болды. 🌸

Іс-шара барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті ақындарының өлеңдерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Абай Құнанбайұлының даналыққа толы жырлары, Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік мәні зор өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жететін сырлы шумақтары кештің мазмұнын аша түсті. ❤️

Оқушылар:
📖 «Кел, балалар, оқылық»
📖 «Үш бақытым»
📖 «Отан»
📖 «Пай-пай өмір өтесің ау бір күні»
сияқты өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш барысында:
✨ «Өлеңді жалғастыр» ойыны,
✨ «Кім жылдам?» сайысы,
✨ шығармашылық бөлім,
✨ музыкалық үзіліс пен сергіту сәті ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.

Әр оқушы сахна мәдениетін сақтап, өз ойын еркін жеткізе білді. Поэзия кеші балалардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың рухани дүниесін байыта түсті. 🌿

Кеш соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. 👏🏆

Осындай тәрбиелік мәні зор кештер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, кітапқа, поэзияға деген қызығушылығын арттыра беретіні сөзсіз.
💐 Ұйымдастырушылар:
Жумагалиева Г.М.
Айтпаева Ж.С