18 мамыр күні мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы каникул уақытында өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыру, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және жауапкершілік сезімін арттыру болды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, табиғат аясындағы тәртіп, интернет қауіпсіздігі және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, балалардың кешкі уақытта ата-ананың рұқсатынсыз көшеде жүрмеуі, қауіпті ойындар мен зиянды әрекеттерден аулақ болуы жөнінде ескертулер берілді.
Мұғалімдер оқушыларға төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіріп, алғашқы көмек көрсету туралы ақпараттармен бөлісті. Сынып сағатында бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздікке қатысты жадынамалар таратылды. Оқушылар өз ойларын айтып, сұрақтар қойып, түрлі жағдаяттарды талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шара соңында оқушыларға жазғы демалысты пайдалы әрі қауіпсіз өткізу, салауатты өмір салтын ұстану және жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі тағы да ескертілді. @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ
