ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Астана қаласы әкімдігінің «№109 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 2026 жылғы 27 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады.
Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-анасының өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Өтініш беру екі тәсіл арқылы жүзеге асырылады:
• Қазақстан Республикасының электрондық үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
• Қағаз түрінде.
📄 Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1. Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігі (қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін ұсынылады);
3. Қызмет алушының жеке куәлігі (қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін ұсынылады);
4. «Профилактикалық екпелер картасы» №065/у нысаны және «Бала денсаулығының паспорты» №052-2/у нысаны;
5. Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті – 2 дана;
6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (бар болса).
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 57-07-37
📍 Мектеп мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е915 көшесі, 14 ғимарат
Мектеп әкімшілігі
KZ

