Skip to content

5 мамыр күні мектепте «Ардагерім – ардағым» акциясы аясында 8–11…

5 мамыр күні мектепте «Ардагерім – ардағым» акциясы аясында 8–11 сынып оқушылары үшін тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері – Кабиев Сембек Мажитұлы және Каменов Мұрат Токпаұлы арнайы шақырылып, оқушылармен ашық әңгіме өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңызы мен соғыс жылдарындағы қиындықтар туралы шынайы ақпарат жеткізу болды. Ардагерлер өздерінің өмір жолы, әскери қызметтегі бастан кешкен оқиғалары, жауынгерлік міндетті атқару кезіндегі ерлік пен жауапкершілік туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, ауған соғысының тарихи маңызы, сол кезеңдегі әскери жағдайлар және бейбіт өмірдің құндылығы туралы кеңінен мағлұмат алды. Кездесу барысында оқушылар ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғыстарын білдірді.
Шара соңында мектеп ұжымы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, олардың ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі екені атап өтілді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері