Skip to content

4 мамыр күні мектепте 0–11 сынып оқушылары арасында «Ерлік сабақтары…

4 мамыр күні мектепте 0–11 сынып оқушылары арасында «Ерлік сабақтары – ел тарихының өнегесі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға халқымыздың батырлық тарихы, ел тәуелсіздігі жолында жанқиярлық танытқан тұлғалардың ерлігі кеңінен таныстырылды.
Сынып сағаттары әртүрлі форматта өтті: тәрбие сағаттары, презентациялар, бейнероликтер көрсету, пікірталас, тарихи деректермен жұмыс, сұрақ-жауап және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылды. Мұғалімдер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тәуелсіздік жылдарындағы қаһарман азаматтардың ерлік жолдарын мысалға келтіріп, олардың ел үшін жасаған еңбектерін ерекше атап өтті.
Оқушылар батырлардың өмірі мен ерлігі туралы мәліметтермен танысып қана қоймай, өз ойларын ортаға салып, патриоттық сезімдерін білдірді. Кей сыныптарда оқушылар өлең оқып, шағын көріністер қойып, тақырыпты тереңірек ашуға атсалысты.
Іс-шараның негізгі нәтижесінде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі артып, ел тарихына деген қызығушылығы күшейді. Сонымен қатар, жас ұрпақ бойында ерлікке құрмет, батырларға тағзым ету, елін қорғаған азаматтарға деген мақтаныш сезімі қалыптасты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран.»
«Елін сүйген ер ешқашан ұмытылмайды.»
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері