Skip to content

30 сәуір күні «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концерт —…

30 сәуір күні «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концерт — мектеп қабырғасында өткен ерекше мәдени іс-шаралардың бірі болды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, бірлікті нығайту, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Концерт барысында түрлі ұлттардың өнері кеңінен таныстырылды. Әрбір өнер нөмірі сол ұлттың салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктерін көрсете білді. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп, қатысушылар өз ұлтына тән киім үлгілерін киіп шықты.
Сонымен қатар, жүргізушілер Қазақстандағы ұлттар достығы, татулық пен келісім туралы мазмұнды мәліметтер беріп отырды. Көрермендер әрбір қойылымды зор ықыласпен қабылдап, қолдау көрсетті.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар «Бір шаңырақ астында» ұранымен сахнаға шығып, достық пен бірлікті дәріптейтін қорытынды композиция ұсынды. Бұл концерт оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ көпұлтты Қазақстанның бейбіт өмірін насихаттауға үлкен үлес қосты.

Біздің ортақ шаңырағымыздың астында әрдайым достық, сыйластық пен бірлік салтанат құрсын!
«Халық бірлігі — ел әл-ауқатының негізі».
Баршаңызды осы тамаша бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Әр шаңырақта жылу, қуаныш пен өзара түсіністік орнасын!
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері