Skip to content

27 сәуір күні мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі…

27 сәуір күні мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік – ел тірегі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сабақтары өткізілді. Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың бойына татулық, достық, өзара сыйластық және ел бірлігі құндылықтарын сіңіру болды.
Сабақ барысында сынып жетекшілері оқушыларға 1 мамыр мерекесінің тарихы мен маңызын түсіндіріп, еліміздегі ұлттар достығы туралы бейнероликтер көрсетіп, танымдық әңгімелер ұйымдастырды. Оқушылар «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Татулық – достықтың киелі бесігі» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, өлеңдер оқып, сурет салып, достық пен бірлік тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, тәрбие сабағында шағын топтық талқылау немесе қысқа шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында оқушылар бірлік пен бейбітшіліктің маңызын түсініп, Қазақстандағы барлық халықтың ортақ құндылығы – ел тыныштығы мен ынтымағы екенін атап өтті. Осындай тағылымды сабақтар жасұрпақты Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Іс-шараның қорытындысында оқушыларға бірлік пен келісім – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі екені түсіндіріліп, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу �