22 сәуір 7-сыныптар арасында «Тәжірибелі химия» атты жарыс сабақ жоғары деңгейде өтті 🧪
Сайыс 3 кезеңнен тұрып, оқушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, өздерінің ізденімпаздығын, логикалық ойлау қабілеттерін және шығармашылық белсенділіктерін көрсете білді.
🏆 Қорытынды нәтиже:
🥇 1-орын — 7 «Б» сыныбы
🥈 2-орын — 7 «В» сыныбы
🥉 3-орын — 7 «Ә» сыныбы
Осындай білім сайыстары оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, алған білімдерін өмірмен байланыстыра қолдана білуіне үлкен мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, ғылым жолындағы қадамдарыңыз нық болсын!
KZ
