Skip to content

23 сәуір күні мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық нарративін қолдау мақсатында…

23 сәуір күні мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық нарративін қолдау мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. «Жасыл патруль» мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының экологиялық фракциясы 7-8 сынып еріктілерімен интерактивті квиз ойынын өткізді.
Шараның басты мақсаты: Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін ояту және «эко-friendly» өмір салтын насихаттау.
Ойын барысында оқушылар:
• Қалдықтарды сұрыптау ережелерін талқылады;
• Табиғатты қорғауға арналған логикалық сұрақтарға жауап берді;
• Туған өлкенің флорасы мен фаунасын қорғау бойынша өз жобаларын ұсынды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, «Таза Қазақстан» идеясының мектеп қабырғасында іс жүзінде іске асуына мүмкіндік береді.
Бәріміз бірге «Таза Қазақстан» үшін атсалысайық! Сен бүгін табиғат үшін не істедің? Пікірге жаза кет @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері