Бүгін мектебімізде ұстаздарға арналған «Үздік ұстаз – шабыт шыңы» атты сайыс өтті. Сайыс барысы өте тартысты әрі мазмұнды болды: әр кезеңде ұстаздар креативті тәсілдермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңашыл идеяларын ұсынды, кәсіби шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Қатысушылардың әрқайсысы өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп, нағыз ұстаздық рухтың биік үлгісін танытты.
Сайыс нәтижесі бойынша:
🏆 Бас жүлде – Нургуль Бакытбековна
🥇 І орын – Арайлым Дулатовна
🥈 ІІ орын – Данияр Бахтыкереевич, Казбек Ондасынович
🥉 ІІІ орын – Нағима Раушанбековна
Барша қатысқан ұстаздарға ерекше лебізімізді білдіреміз: сахнада батылдық танытып, өз тәжірибесі мен шығармашылығын көпшілік алдында жоғары деңгейде көрсете білгендеріңіз – нағыз кәсіби шеберліктің айғағы. Сіздердің әрбір қадамыңыз жас ұрпаққа үлгі, әрбір идеяңыз білім беру ісіне қосылған үлкен үлес.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт және толағай табыс тілейміз! @oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@bilimastana
@astana_daryny
@k.sengazyyev_official
@altynsarin_akademiasy
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast
#біртұтастәрбие #астана #109келешекмектебі #келешекмектептері
KZ


